Ресейде шақырту алған қазақстандықтар не істеуі керек?

Ресейде шақырту алған қазақстандықтар не істеуі керек?
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

СІМ өкілдерінің айтуынша, ақпараттық базаларда сәйкессіздіктер кездеседі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейде шақырту алған қазақстандықтарға әскери комиссариатқа немесе елшілікке хабарласуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Егер адам, мысалы, Ресей аумағында болса, тұруға рұқсат алған болса, ол құжатын әскери комиссариатқа көрсете алады немесе Қазақстан елшілігіне жүгіне алады», - деді Айбек Смадияров.

2 қазанда Санкт-Петерборда тұратын 31 жастағы Қазақстан азаматының Ресейдегі мобилизацияға байланысты әскери комиссариатқа шақырту алғаны белгілі болды.