Ресейде коронавирустан бір тәулікте қайтыс болғандар саны ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр

Ресейде коронавирустан бір тәулікте қайтыс болғандар саны ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр
Сурет: Russian.rt.com

Ресейде COVID-19 өршіп тұр

Ресейде бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның салдарынан 1 211 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап.

КВИ-ге қарсы жедел штабтың дерегінше, бұл пандемия тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Ауру салдарынан көз жұмған пациенттердің көпшілігі Мәскеуде - 95, Санкт-Петербургте - 88 және Мәскеу облысында - 62 тіркелді. Сол аймақтарда инфекцияның ең жоғары көрсеткіштері есепке алынды: Мәскеуде 5 287 жаңа жағдай, Мәскеу облысында – 2 818, Санкт – Петербургте-2 680 дерек. Ресейде SARS-CoV-2 жаңа жағдайларының күнделікті өсуі 39 160 жағдайды құрады.