Qnet халықаралық қаржы пирамидасының  басшыларына қатысты тексеру басталды

Qnet халықаралық қаржы пирамидасының  басшыларына қатысты тексеру басталды
fishki.net

Халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесі Qnet компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Компанияның Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ.

«Іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты үйқамаққа алу шарасына санкция берілді», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарламада.

Тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.