Пәтер тонаушылар қолға түсті

Пәтер тонаушылар қолға түсті
Сурет: 5region.kz

Үш ер адам қаланың әр түкпірінде жүріп, өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды ұрлап жүрген. Қазіргі уақытта қала аумағында қылмыстық үштік жасаған бес эпизод бар. 

Polisia.kz сайтының мәліметіне сәйкес, Алматыда пәтер ұрыларының тобы ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет еткен. Аулаларды аралап, көп қабатты үйлердің терезелері мен кіре берістерін бақылаған. Қылмыскерлер негізінен жұмыс күндері, адамдардың көпшілігі жұмыста болған кезде «жұмыс істеген». Олар кіре берістен кіріп, кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды нәрселердің бәрін алып шыққан. Бұл қолма-қол ақша, кішігірім тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі басқа біреудің үйін тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып, былайынша айтқанда, қауіпсіздіктерін бақылаған», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Оның айтуынша, үшеуі де Алматы қаласы ПД КПБ арнайы тобының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Соңғы «істегі» пәтерден алтын заттар мен ақша жоғалған. Залалдың жалпы сомасы миллион теңгені құрады. Ұсталғандар заттай айғақтардан құтылып үлгермеген. Олар тұтқындау кезінде тәркіленді және қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық үштік мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Айтпақшы, 38, 36 және 34 жастағы күдіктілердің барлығы - Шығыс Қазақстан облысының тумалары. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар мүлкін тәркілеумен 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады», – деп түйіндеді Қуатбек Науатов.