Алматы базарының бірінде жарылыс бола жаздады

Алматы базарының бірінде жарылыс бола жаздады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Өрт сөндірушілер уақытында жетіп, тұтана бастаған өртті ауыздықтады, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер «Барлық» базарының аумағындағы жарылыстың алдын алды, өрт 30 минутта оқшауланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

26 шілдеде түнгі 22 сағат 45 минутта Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Наурызбай ауданы, Ташкент Тракты, 1/2 мекенжайына шақыру бойынша жіберілді. 

Алғашқы бөлімшелер 8 минуттан соң келді. Оқиға орнынан 120 ш.м. алаңда жеңіл құрылыс конструкциялардан соғылған (шыны, пластик) кафенің төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықтады.
 
Жанып жатқан ғимаратта жанғыш жүктеме салдарынан жоғары температура орын алса да, газ-түтіннен қорғау қызметі жанып жатқан үй-жайларда адамдардың бар-жоғын тексеріп, барлау жұмыстарын жүргізді. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар 10 м  қашықтықта орналасқан өрт гидранттарына орнатылды. 

Өрт орнынан 3 газ баллоны мен бір көмірқышқыл газы эвакуацияланып, осылайша жарылыстың алдын алынды. 
 Қабылданған шаралардың арқасында өрт жарты сағат ішінде ауыздықталып, 23:22-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 
Атқарылған шаралардың арқасында оңтүстік жақтан келушілерге арналған зал бөлмесін өрттен қорғап қалды.