Профессорлар мен оқытушылардың ең төменгі жалақысы белгіленді

Профессорлар мен оқытушылардың ең төменгі жалақысы белгіленді
Сурет: ашық дереккөз
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, штаттағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері:

  • оқытушыға – 240 000 теңге;
  • аға оқытушыға – 276 000 теңге;
  • қауымдастырылған профессорға – 312 000 теңге;
  • профессорға – 420 000 теңге;
  • ұлттық ЖЖОКБҰ-ы профессорына – 480 000 теңге.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне бұйрықты ЖЖОКБҰ атқарушы органы басшыларына жеткізу тапсырылды.