Президентке облыс әкімі әлеуметтік нысандар салу мәселесіне арнайы тоқталды

Президентке облыс әкімі әлеуметтік нысандар салу мәселесіне арнайы тоқталды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысына облыс әкімі әлеуметтік нысандар салу мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

2023-2025 жылдары 8,8 мың орындық 16 жаңа мектеп салу жоспарланған, соның ішінде 6600 орындық 7 оқу ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады және 1800 орындық 2 мектептің құрылысы биыл басталған. 

Денсаулық сақтау саласы бойынша 8 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жергілікті бюджет есебінен 21 блокты-модульді кешен салынған. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін тағы 59 нысан салу жоспарланған. 

Ал мәдениет саласында 5 нысанның құрылысы жүргізіліп, тағы 8 нысан күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 

Биыл облыста 14 спорт нысаны салынып жатқаны жөнінде айтты. Сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен 3 блокты-модульды кешен салынады. Ал демеушілер есебінен Талдықорған қаласында жыл бойы жұмыс істейтін «Jetysu Аrena» жабық спорт кешені іске қосылған. Бұл кешенге 867 миллион теңге инвестиция салынған.Ж

Жетісу облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3 988 шақырым. Биыл облыстық маңызы бар 221 шақырым жол мен 73 елді мекендегі 249 шақырым ауылішілік жолдарды салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың даму қарқынын оң бағалап, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.