Санджардың арманы орындалды

Санджардың арманы орындалды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігі жас футболшының идеясын шындыққа айналдырды

Қыркүйек айының басында Алмалы ауданының 12 жастағы тұрғыны Санджар Мұхаметқалиев Алмалы ауданының Instagram парақшасында жазба қалдырды. Онда бала өзіне және достарына футбол алаңын жасауға көмектесуді өтінген еді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Біздің аулада футбол алаңы жоқ. Балалармен бірге үйімізден алыс басқа аулаларға баруымыз керек. Бұл өте ыңғайсыз және ата – аналарымыз алаңдайды», - деп жазды Санджар.

Содан кейін жас спортшы көмек сұрап қана қоймай, мәселені шешу үшін жолын білдірді.

«Біздің аулада футбол алаңына орын жоқ, бірақ баскетбол алаңы бар. Мұнда баскетбол ойнайтындар аз, бірақ футболшылар көп. Мүмкін, бұл алаңды футболға бейімдеген жөн шығар. Егер сіз келсеңіз, мен бәрін көрсетемін!»-, деп өз ұсынысын айтты.

Аудан әкімі Айдар Жақыбаев осы аулада болды. Баскетбол алаңы бар, бала ұсынған идея қолайлы болды. Талқылаудан кейін Санджар достарымен баскетбол ғана емес, футбол да ойнай алатындай етіп алаңды қайта жасақтау туралы шешім қабылданды. Соның арқасында Санджар енді тек баскетбол ғана емес, футбол да ойнай алады.

Алаң бір ай ішінде қайта жасалды. Қақпаны орнатты және нығайтты. Алаң жабындысы жаңарды. Футболшылар да, баскетболшылар да жаттығу үшін қақпаның үстіне баскетбол сақинасы орнатылды. Жас спортшылар мен олардың ата-аналары нәтижеге риза.