Президент Тоқаев Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады

Президент Тоқаев Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынын құттықтады
Сурет: Kommersant.ru

Жәния Азаматқызы Қазақстанның он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Twitter-де жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!» - деп жазды Мемлекет басшысы.