Президент сайлауы: қазақстандық кәсіпкерлер өз үміткерін ұсынды

Президент сайлауы: қазақстандық кәсіпкерлер өз үміткерін ұсынды

Мейрам Қажыкен кәсіпкерлер атынан президенттік сайлауға түседі.

Қазақстандағы кәсәпкерлер алда өтетін президент сайлауына өз үміткерін ұсынды. Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары достастығы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазТАГ сілтеме жасап.

Қажыкенді президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы шешім кәсіподақтар одағының орталық және атқару комитеттерінің бірлескен отырысында қабылданды.

61 жастағы Мейрам Қажыкен «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Экономикалық зерттеулер институтын басқарады.