Президент Қазақстан мен Ресейдің шешілмеген мәселелерін реттеуді тапсырды

Президент Қазақстан мен Ресейдің шешілмеген мәселелерін реттеуді тапсырды
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшылығымен кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңес барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.