Президент Дүниежүзілік климаттық саммитке қатысады

Президент Дүниежүзілік климаттық саммитке қатысады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі  БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды. Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланған.