Партияларды тіркеу ресімі жеңілдейді

Партияларды тіркеу ресімі жеңілдейді
Сурет: Inform.kz

Сайлауда кіл мықтылар іріктеліп шығу үшін шынайы бәсеке болуы шарт.

Сол себепті партияларды тіркеу ресімін едәуір жеңілдету қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Егер Конституцияның жаңа нұсқасын халық жақтаса, онда тіркеу шегі 4 есе азаяды. Бұған дейін 20 мың адамның қолын жинау керек болса, енді 5 мың жеткілікті. Өңірлердегі өкілдер 600-ден 200 адамға кемиді. Ал, бастамашыл топтың ең төменгі саны үш жүзге қысқарады (1000-нан 700 адамға дейін).