Жаңадан құрылған үш облыстан Сенат депутаттары сайланды

Жаңадан құрылған үш облыстан Сенат депутаттары сайланды
Сурет: Kyzylorda News

Сенаттағы 6 мандатқа барлығы 12 кандидат сайлауға қатысты.

Орталық сайлау комиссиясы жаңадан құрылған үш облыстан сенатқа сайланған депутаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Комиссия қаулысына сәйкес, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан алты сенатор жоғары палатаға сайланды.

Абай облысынан:

Бақытжан Кәкенқаджыұлы Байахметов (2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне);

Айнұр Серікпайқызы Арғынбекова (2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне).

Жетісу облысынан:

Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов (2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне);

Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев (2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне).

Ұлытау облысынан:

Советбек Тұрсынұлы Медебаев (2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне);

Серік Жаманқұлұлы Шайдаров (2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне).

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, қазіргі уақытта Парламент Сенатында 2017 және 2020 жылдары сайланған депутаттар өз өкілеттігін атқарып жатыр.

«Ал үш облыстың алты сенаторын сайлау кезінде мәслихат депутаттары жанама сайлау құқықтары негізінде жасырын дауыс беру арқылы жаңа сенаторлардың қайсысы 2017 және 2020 жылдары сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне ротация арқылы сайланатынын өздері анықтады», - дейді Әбдіров.

Айта кетері, Сенаттағы 6 мандатқа әр облыстан 4 адамнан барлығы 12 кандидат сайлауға қатысты. Олар үшін үш өңірдегі 311 депутат дауыс берді.