Паралимпиада-2022: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі

Паралимпиада-2022: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі
Cурет: Olympic.kz

Қола жүлдегер Александр Герлиц жарыс жолына қайта шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қысқы Паралимпиада ойындарындарының бесінші күні қазақстандық спортшылар парашаңғы жарысында бақ сынайды. Prosports.kz сайтының мәліметінше, Александр Герлиц 9 наурызда шаңғы жарысынан еркін стильдегі спринтте бақ сынайды. Сонымен қатар отырып сырғанау сынында бірнеше отандасымыз өнер көрсетеді.

9 наурызға арналған жарыс кестесі:
Парашаңғы жарысы
08:00 Отырып сырғанау. Спринт. Іріктеу. Ерлер.
Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин, Сергей Усольцев
08:40 Тұрып сырғанау. Спринт. Іріктеу. Ерлер. Еркін жүріс
Александр Герлиц
10:00 Отырып сырғанау. Спринт. Жартыай финал. Ерлер.
10:30 Тұрып сырғанау. Спринт. Жартылай финал. Ерлер. Еркін жүріс
11:45 Отырып сырғанау. Спринт. Финал. Ерлер. 1
2:13 Тұрып сырғанау. Спринт. Финал. Ерлер. Еркін жүріс.