Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылады

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылады Cурет: Inform.kz

Өскемен қаласында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысының 32 шақырымы толықтай аяқталады. Бұл Алтай, Катонқарағай аудандарында және Бұқтырма су қоймасының жағалауында туризмді дамытуға зор мүмкіндік бермек.



«Өскеменде халықаралық стандарттарға сай Гематология орталығының құрылысы және шеберханалар, студиялар, зертханалар мен мұражайлар орналасатын «Зерде» ғылыми-танымдық орталығының жобасын әзірлеу сияқты бірқатар ірі әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Құрылысы ұзаққа созылған металлургия және автомобиль өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау республикалық орталығының орнында биология мен математикадан дарынды балаларға арналған 150 орындық интернаты бар 880 орындық мектеп-интернат ашылады», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.



Сондай-ақ қалада 9 мамырда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін және басқа да тауарларды делдалсыз сатуға мүмкіндік беретін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы да салынуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14