Өзбекстан әлеуметтік желілерге салынған тыйымды алып тастады

Өзбекстан әлеуметтік желілерге салынған тыйымды алып тастады
Сурет: uza.uz

Өзбекстанда Twitter, WeChat және Vkontakte әлеуметтік желілеріне салынған тыйым алынып тасталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің хабарлауынша, 1 тамыздан бастап елдегі Twitter, WeChat және Vkontakte әлеуметтік желілеріне салынған тыйым алынып тасталып, әлеуметтік желілерді кедергісіз пайдалану мүмкіндігі толығымен қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта TikTok платформасымен келіссөздер жалғасуда. Қысқа бейнетаспаларға негізделген көңілашар әлеуметтік желіге қатысты келіссөз бойынша нәтижесі қосымша хабарланатыны айтылған.