Қ.К. Тоқаев бірқатар құжаттарға қол қойды

Қ.К. Тоқаев бірқатар құжаттарға қол қойды
Сурет: Аinews.kz

Барлығын қоса алғанда 3 өкімге қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жаңа құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің ресми сайтында жарияланды.

Президент қол қойды:

  • Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
  • Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
  • Мемлекет басшысының өкімімен Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.