Отбасында зорлық-зомбылық көрсетуде әйелдер де аянып қалмайды

Отбасында зорлық-зомбылық көрсетуде әйелдер де аянып қалмайды
Сурет: Sb.by

Отбасы кикілжіңін тудыратын әйелдер  де бар. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха отбасылық зорлық-зомбылық туралы шағымдардың 10 пайызы әйелдердің үстінен түсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанда агрессор әйелінің үстінен шағымданатын ер адамдар бар ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында.

Министрдің орынбасары ондай жайттар кездесетінін айтады.

«Әрине, біз бұған шетін жағдай сияқты қараймыз. Алайда әйелдерінің үстінен шағымданатын еркектер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ түрлі жағдай болады. Мысалы, балаларының үстінен шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кейде бала өз ата-анасына шағымданып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелдердің үстінен түсетін шағымдар шамамен 10%», - деді Игорь Лепеха.