Қазақстанда 200 «агрессор» анықталды

Қазақстанда 200 «агрессор» анықталды
Сурет: Egemen.kz

Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен 6 мың құқық бұзушы қамауда отыр

Сондай-ақ 5 мың отбасы зерттеліп, 200 «агрессор» анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің апталық брифингі барысында айтылды. Дене жарақаты бойынша 49 фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Полицейлердің араласуымен отбасылық жанжалшыларды анықтау және әлеуметтендіру жұмыстары жүргізілуде. Шілде айынан бері тұрмыстық қылмыстар 2,5%-ке азайған. Оның ішінде ауыр қылмыстардың 10%-ке төмендеу үрдісі байқалады.