Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында жер қайта сілкінді

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында жер қайта сілкінді
Сурет: Interfax.ru

Қуаты 6,5 баллдық зілзаладан 2 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланды.

Бұл - бір аптада өңірде тіркелген үшінші дүмпу. Бірінен кейін бірі болған жер сілкіністерінен үрейленіп қалған тұрғындар бұл жолы далада түнеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өткен сенбіде болған қуатты зілзала мен одан кейінгі дүмпулерден елде екі мыңнан аса адам қаза тапты. 13 ауыл, жүздеген үй жермен-жексен болып, мектеп, емхана мен өзге де қоғамдық ғимараттар қираған.