Отандық ғалымдар киіктерді өнеркәсіптік бағытта ұстау әдісін әзірлеуде

Отандық ғалымдар киіктерді өнеркәсіптік бағытта ұстау әдісін әзірлеуде
Сурет: Egemen.kz

Мамандар жануарлардың бір бөлігін қолға үйретуге болады деп отыр.

Ғалымдар биыл табиғи ортадан алынған 200 киік лағын зерттеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz-тің мәліметінше, олар Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарындағы тәлімбақтарға жіберілген. Нәтижесінде Орал популяциясының иммунитеті төмендеген. Бұл болашақта жануарлардың індет жұқтырып, қырылуына әкелуі мүмкін, - дейді Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің профессоры Қайсар Кушалиев.

«Болашақта осы тәлімбақтарды ұстағанда киіктердің өзі көз алдымызда. Соның ішінде ауруларын, үлкендерін өзіміз реттеп отырып, жылжымалы биокомбинаттар дейміз. Соның ішінде киіктерді гуманды түрде реттеуге болатынын көздеп отырмыз. Қазақстан бойынша осындай «питомниктер» көбейсе, әртүрлі аурулардың алдын аламыз», - дейді Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің профессоры Қайсар Кушалиев.