Отандық футбол жанкүйерлеріне деген жанашырлық

Отандық футбол жанкүйерлеріне деген жанашырлық
Сурет: Kff.kz

Бүгін Ұлттық құрама ойыншылары, ЕURO -2024 іріктеу кезеңі аясында, Сан-Мариномен кездеседі.

Матч сағат 20:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Жанкүйерлерді «Астана Арена» стадионына тасымалдау ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қоғамдық көліктер Астаналық цирк, «Қазақстан» спорт кешені , «Әзірет Сұлтан» және «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті маңынан, сонымен қатар «Жастар» сарайы жанынан жүреді. Автобустар автотұрақтан сағат 19:30-да қозғалады.