«Алтын сақа» ұлттық ойыны 7 мың білім ошағында бір уақытта ұйымдастырылды

«Алтын сақа» ұлттық ойыны 7 мың білім ошағында бір уақытта ұйымдастырылды
Сурет: 24.kz

Бүгін ел бойынша ерекше челлендж өтті.

Бір сәтте еліміздің екі миллионға жуық оқушысы асық ойнады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы нөмірі 85-ші мектеп-лицейіне барып, оқушыларға қолдау білдірді. Жеткіншектермен бірге асық атты. Бұл бастама барлық оқушы мен мұғалімді біріктіруге, ұлттық рухты күшейтуге бағытталған.

"Біз жас ұрпақты нағыз патриот ретінде тәрбиелеуіміз керек", - деді министр. Жалпы ведомство арнайы бағдарлама әзірлеген. « 4 тоқсан – төрт өнер» деп аталатын ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында осындай шаралар өтіп тұрады.