Отандастарымыз ет және сүт өнімдерін көбірек тұтына бастапты

Отандастарымыз ет және сүт өнімдерін көбірек тұтына бастапты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Негізі бұрын да солай болған. Сірә, бұл біздің генімізге байланысты.

Мұндай пікірді тағамтанушы-ғалым Т.Шармановтың аузынан талай естігенбіз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының үшінші тоқсандағы қорытындысында айтылған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 

Тұрғындар ет және ет өнімдеріне табысының – 17%-ын, нан және жарма өнімдеріне  – 7,8%, сүт өнімдеріне – 5,4%-ын жұмсайды.

Статистиктердің пікірінше, Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарының тұрғындары ет пен ет өнімдерін ең көп тұтынатын аймаққа жатады. Ең аз ет жейтіндер шымкенттіктер. Есесіне олар «нан соғар» екен. Статбюро өңірлер бойынша нан және жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көп тұтынғанын жазады. Жан басына шаққанда олар 44,1 келі (тоқсанына) тұтынса, ал Астана тұрғындары  бұл өнімдерді аз алады, жан басына шаққанда 23,6 келіден келеді. Бұған климаттың да әсері бар екені анық. Өйткені, оңтүстік өңірде күн жылы болғандықтан, бұл жақтың халқы көкөністі көбірек тұтынады. Ал суық өңір тұрғындары -30-40 градуста ет жемесе, «өмірі қиындайды». Сонымен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2023 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар ет пен ет өнімдерін – 0,7 келіге, сүт пен сүт өнімдерін – 1,2 келіге көп тұтына бастаған.