Осы жылы елімізде мол астық жинауға мүмкіндік бар

Осы жылы елімізде мол астық жинауға мүмкіндік бар
Сурет: Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осындай болжам жасап отыр. 

Айтуынша, биыл егіс алқаптарында ылғалдылықты сақтау бойынша жұмыстар дер кезінде атқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазір елде егін егу науқаны қыза түскен.

«Осы орайда астық шығымы жақсы деңгейде болады деген пікірдеміз. Сондықтан орташа жылдық астық жиналуы мүмкін», - деді Е. Қарашөкеев.

Осы орайда Ауыл шаруашылығы министрі осы жылы мол астық жинау мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Жақсы өнім алу бағытында қазір егін егу жұмыстарын белгіленген агротехникалық мерзімде тезірек аяқтау үшін барлығын жасап жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар,Ербол Қарашөкеев биыл жем-шөп тапшылығы болмайтынын жеткізді.