Өнеркәсіп қызметкерлеріне арналған ипотека бағдарламасы болуы мүмкін

Өнеркәсіп қызметкерлеріне арналған ипотека бағдарламасы болуы мүмкін
Сурет: интернеттен

Еліміздің өндірістік саласынан білікті кадрлардың кетуі байқалады.

Осы мәселені шешу үшін Respublica фракциясы "Өнеркәсіптік ипотеканы" әзірлеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл салада 590 мың адам жұмыс істейді. Сала қызметкерлерінің орташа жалақысы 415 мың теңге. Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Respublica партиясының тең төрағасы, мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанова ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына экономиканың өңдеуші секторындағы кадр тапшылығы мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады.

"Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін үдемелі дамытудың және оның ішкі жалпы өнім құрылымындағы үлесін арттырудың маңызы туралы бірнеше рет айтты. Қазір оның үлесі 13,4% болды. Бұл ретте салада білікті кадрлардың сауда, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі сияқты басқа салаларға кетуі проблемасы бар. Оның себебі – бәсекеге қабілетсіз жалақы. Тапшылық жұмысшылардан инженерлерге дейін барлық деңгейде байқалады", - деді депутат.

Партияның дерегінше, өңдеу секторындағы жұмысшылардың орташа жалақысы – 415 мың теңге. Бұл басқа салалармен салыстырғанда төмен. Мысалы, тау-кен өнеркәсібінде орташа жалақы 757 мың, ақпарат және коммуникация саласында – 530 мың, құрылыста – 484 мың, көлік пен қоймада – 474 мың теңге.

Динара Шүкіжанова кадрлардың кетуіне жеке баспана алу үшін көбірек табыс табуға ұмтылу басты себеп екенін айтты. Бизнес баспанаға деген сұранысты өз бетінше қамтамасыз ете алмайды.

"Кадрлардың басқа салаларға кетуі мәселесін шешу, адамдардың өндірісте жұмысын жалғастыруға деген қызығушылығын арттыру мақсатында біз өңдеуші "Әскери баспана" ипотекасы сияқты өнеркәсіп қызметкерлеріне 6% мөлшерлемемен және тұрғын үй құнының 15%-ынан бастапқы жарнамен жеңілдетілген бағдарлама әзірлеуді ұсынамыз", - деді депутат.

Сонымен қатар әлеуметтік шиеленісті жеңілдету және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында партия фракциясы халықтың барлық санаты үшін "Отбасы Банкі" АҚ-нан есептік құны нөлге тең аралық несие алудың бұрынғы шарттарын қайтаруды ұсынады.