Биыл COVID-19 жаңа штамының пайда болуы мүмкін бе?

Биыл COVID-19 жаңа штамының пайда болуы мүмкін бе?
Сурет: РИА Новости

Миллиардер Гейтстің болжауынша, COVID-19 жұқпалы штамының 2021 жылғыдан гөрі қауіпті түрі болмауы мүмкін.

Билл Гейтс COVID-19 жаңа штамының пайда болу ықтималдығын бағалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өзінің Twitter аккаунтында биыл коронавирустың жаңа, жұқпалы штамының пайда болу ықтималдығын бағалады.

Оның айтуынша, 2022 жылы COVID-19 жұқпалы нұсқасының пайда болуы екіталай.

«Жұқпалы штамның шығуы екіталай, бірақ пандемия кезінде біз онсыз да көптеген тосын сыйларға тап болдық», - деп жазды ол.

Гейтстің айтуынша, «омикрон» штамының әсерінен көптеген адамда кем дегенде тағы бір жылға иммунитет пайда болады.

«Мүмкін біраз уақытқа дейін біз жыл сайын коронавирусқа қарсы екпе алуымыз керек шығар», - дейді ол.

Гейтс бұдан бұрын "омикрон" штамының толқыны басылғаннан кейін әлемде коронавирустық инфекциялардың саны азаяды деп болжаған. Оның пікірінше, COVID-19 "омикрон" штамының толқыны бірқатар елдің денсаулық сақтау жүйесін қиындыққа ұшыратады.

Миллиардердің айтуынша, аурудың қатты асқынуы екпе алмаған азаматтар арасында байқалады. Дегенмен, Гейтс "омикрондық" толқыннан кейін коронавирус ауруы азаяды деген пікірде.