Ольга жүлдесіз қалды

Ольга жүлдесіз қалды
Сурет: Тime.kz

Бұйырмады.

Токиода Олимпиада ойындары аясында жеңіл атлетикадан жарыс басталды. Үш қарғып секіруден Қазақстан құрамасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың арасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бар.

Рыпакова үздік талпыныста 13,69 метрді көрсетті. Алайда бұл келесі кезеңге жету үшін жеткіліксіз болды.

Сондай-ақ іріктеу кезеңінде Мария Овчинникова мен Ирина Эктова болды.  Жарыстың бастапқы шеңберінен өте алмаған олар, сәйкесінше, 26 және 31 орындарды иеленді.