Оқушылар құқық тақырыбында конкурсқа қатысты

Оқушылар құқық тақырыбында конкурсқа қатысты
Сурет: Наурызбай ауданы әкімдігі

Наурызбай ауданы әкімі аппараты аудан прокуратурасымен бірлесіп «Отбасындағы зорлық-зомбылық»,  «Мектептегі буллинг»,  «Көшедегі бандитизм» тақырыптары аясында бейнеролик конкурсын ұйымдастырды

Конкурсқа ауданымыздағы 12 мектептің оқушылары қатысты. Жеңімпаздарға алғыс хат пен 50 000 тг көлемінде ақшалай сыйақы берілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Іс-шараға Наурызбай ауданының прокуроры, аудан әкімінің орынбасары Мирас Нысаналиев, «Забота» дағдарыс орталығының өкілдері, Мемлекеттік қызмет өкілдері, мектеп директорлары мен оқушылар қатысты.