Оқушылар Ақордаға барды

Оқушылар Ақордаға барды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.

Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын,  түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады.