Оқушыға керек кеңсе тауарлары қымбаттады

Оқушыға керек кеңсе тауарлары қымбаттады
Сурет: Alashainasy.kz

Кеңсе тауарларының бағасы бір жылда қалай өзгерді?

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда кеңсе тауарларының бағасы 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.

Атап айтқанда, мектеп дәптерінің бағасы – 77,2%, қалам – 38,6%, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% көтерілді.