Нұрсұлтан Назарбаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасына көңіл айтты
Сурет: Уeniistiklal

Нәдір Нәдіров – Қазақ  КСРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Қазақстанның және КСРОның Құрметті мұнайшысы. Қазақстанның Құрметті азаматы. Қазақстанның құрметті инженері.
Қазақстанның тұңғыш президенті академик Нәдір Нәдіровтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еlbasy.kz  сайтының хабарлауынша, Елбасы көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдаған.

«Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі. «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты», – делінген жеделхатта.