Алматы облысының қай жерінен ҮАААЖ өтеді?

Алматы облысының қай жерінен ҮАААЖ өтеді?
Сурет: Kolesa.kz

ҮАААЖ құрылысы тәулік сайын шамамен 200 мың көлік кіретін Алматы қаласының көше-жол желісіне көлік жүктемесін азайту үшін 2018 жылы басталды.

ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап.

Жол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағы арқылы өтеді, Алматы қаласынан шығатын 7 негізгі жолды: Ұзынағаш, Бішкек, Нұр-Сұлтан, Комсомол, Қапшағай, сондай-ақ, Құлжа мен Талғар трактілерін кесіп өтеді.

Жоба аясында 7 көлік айырығын салу көзделген. ҮАААЖ бойында 1 шақырым радиуста 57-ге жуық елді мекен мен бау-бақша серіктестіктері орналасқан. Алматы және Алматы облысының әкімдіктері 6 радиалды жолды (Абай, Рысқұлов, Ақын Сара, Сайын, Тілендиев, Солтүстік жарты айналма жол) іске асыруда, бұл Алматы қаласынан ҮАААЖ-ға шығуды қамтамасыз етеді.

Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту 1, 2 және Бейбітшілік ауылдарының тұрғындары жолды бір деңгейде қалдыруға ниет білдірді. ҮАААЖ алты жолақты қозғалысы бар жоғары жылдамдықты күре жол болып табылатынын ескере отырып, «Автомобиль жолдары» ҚНжЕ 3.03-09-2006ж. сәйкес бір деңгейде қиылыстар орнатуға жол берілмейді. Осы орайда ағымдағы жылдың 19 тамызында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Е.Толқынов және «Аларко – Макйол – СК» мердігерлік ұйымының өкілдері Бейбітшілік және Қызыл-Ту ауылдарының тұрғындары үшін жергілікті жол жүруді қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.