Нұр-Сұлтан полиция басқармасы су жаңа 42 автокөлікпен толықты

Нұр-Сұлтан полиция басқармасы су жаңа 42 автокөлікпен толықты
Сурет: Regtv.kz

ІІМ басшысы мен елорда әкімі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бөлімшелеріне барды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы құқықтық тәртіпті және оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап

Министр қала полициясының бірқатар нысандарын аралап, Мемлекет басшысының халық арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тығыз ынтымақтастық орнатуға және азаматтардың полицияға қолжетімділігін барынша жеңілдетуге бағытталған полиция жұмысының сервистік моделін және «қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатын енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.

«Қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатын іске асырудағы шешімдердің бірі модульдік үлгідегі стационарлық бекеттерді орнату және учаскелік полиция пункттерінің санын ұлғайту болды.