Түркияда президент сайлауы кейінге қалдырылмайтын болды

Түркияда президент сайлауы кейінге қалдырылмайтын болды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұған дейін елдегі жойқын жер сілкінісіне байланысты сайлау мерзімі өзгеруі мүмкін екені айтылған

Түркия Президенті Тайип Ердоған 14 мамырда елде президенттік және парламенттік сайлау өтетінін растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркия Президенті Парламентте сөйлеген сөзінде сайлау өтетін күнді нақтылады.

"14 мамырда біздің халық талап етілетін міндетін орындайды – сайлауда дауыс береді", - деді Тайип Ердоған.

Бұған дейін елдегі жойқын жер сілкінісіне байланысты сайлау мерзімі өзгеруі мүмкін екені айтылған еді.

Түркияда 6 ақпанда болған табиғи апат 14 миллион түрік азаматына тікелей әсер етті.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны соңғы мәліметтер бойынша 45 089-ға жетті.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. 27 ақпанда Түркияда  магнитудасы 5,6 болған тағы бір жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл жолы қирағалы тұрған 29 ғимарат құлады. Дүйсенбі күні кешке жараланғандар саны 110-ға жетті, бір адам қайтыс болды. Үйінді астынан 32 адам құтқарылды.