«Канело» Қырғызстанның Тоқмақ қаласының тумасы Биволдан жеңілді

«Канело»  Қырғызстанның Тоқмақ қаласының тумасы Биволдан жеңілді
Сурет: Championat.com

Мексикалық спортшының екінші жеңілісі

Мексикалық Сауль Альварес «Канело» мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Дмитрий Бивол мексикалық қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес ресейлік былғары қолғап шеберіне тиесілі жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулына қол жеткізе алмады. Бұл мексикалықтың кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. Оның есебінде 57 жеңіс бар.

Бивол ресейлік боксшы, Қырғызстанның Тоқмақ аймағында туған, әлі бір де бір мәрте жеңілмеген чемпион.