Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты кейінге шегерілді
Cурет: Olympic.kz

Чемпионат келесі жылы өтуі мүмкін

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өткізілетін датаны кейінге шегерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай шешім «омикрон-штамм»  инфекциясының өрши түсуіне байланысты қабылданды.

Қазақстан астанасы Азия чемпионатын осы жылдың ақпан айында қабылдап алуы керек еді. Жарыс 2023 жылға жоспарланғаны айтылады.

«Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін ризашылық білдіреміз әрі келесі жылы чемпионатта өздеріңізбен емін-жарқын жүздесеміз деп үміттенеміз»,-деді Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы.