Наурызда ел тұрғындарының үй сатып алу белсенділігі артқан

Наурызда ел тұрғындарының үй сатып алу белсенділігі артқан
Cурет: Baq.kz

Соңғы айда елімізде баспана бағасы күрт көтерілген

Наурызда тұрғын үйді сатып алу, сату мәмілелері артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 67801 мәміле тіркелген, бұл ақпан айымен салыстырғанда 45,6% артық.

Өткен айда тұрғын үйді сатып алғандар ішінде Қарағанды облысының тұрғындары белсенділік танытқан, барлығы – 11444 мәміле, одан кейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, тиісінше 8652 мен 6613 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы -1124.

«Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырған, барлығы – 49 844 мәміле, жеке үйлер бойынша 17957 мәміле жасалған. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2 бөлмелі пәтерлер саны басым, наурызда олардың 20003-і рәсімделген»,-делінген хабарламада.

2022 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 28,7% өскен. Өңірлер арасында мәмілелердің өсімі Қостанай облысына тиесілі, өткен жылғы наурызбен салыстырғанда мәмілелер саны 2,2 есеге артқан. Ал тұрғын үйді сатып алу-сатуға деген қызығушылық өткен жылғы сәйкес айымен салыстырғанда Маңғыстау облысында 32,1% төмендеген.

Айта кетсек, соңғы айда елімізде баспана бағасы күрт көтерілген.