Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады
Сурет: Ашық дереккөз

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді

Синоптиктер 21-24 наурызда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады», - делінген хабарламада.