Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасында жартылай финалға шықты

Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасында жартылай финалға шықты
Сурет: Іnbusiness.kz

Жерлесіміз ілгерілеп келеді.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті.

Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам  келесі айналымға жолдама алды.

Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.