Мәскеудегі көрмеде Қазақстан павильоны ашылды

Мәскеудегі көрмеде Қазақстан павильоны ашылды
Сурет: ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі

Павильонда тұрақты жұмыс істейтін көрмелер, өнер галереялары, ұлттық тағамдар мейрамханасы, жәрмеңкелер, қазақстандық тауарларды, кәдесый өнімдерін сату орындары бар.

 ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәскеу қаласындағы ҚР Сауда өкілдігінде жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жұмыс кеңесі барысында Сауда өкілдігінің жұмыс қорытындылары, ағымдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ 2022 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

 Сауда өкілдігі федералды маңызы бар мәдени мұра объектісі болып табылатын Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі (ХШЖК) Қазақстан Республикасының павильонына баруды ұйымдастырды. Павильонды аралау шегінде Вице-министр Қ. Төребаев павильон дирекциясымен жұмыс істеу, іс-шараларды өткізу мүмкіндігі, павильонның сауда-көрме алаңының толтырылуы және т.б. мәселелерді талқылады.  

 Қазақстан павильонының ашылуы республика үшін экономикалық тиімді және перспективалы бағыт болып табылады, өйткені жыл сайын ХШЖК-ға 32 миллионнан астам адам келеді. Павильонда тұрақты жұмыс істейтін көрмелер, өнер галереялары, ұлттық тағамдар мейрамханасы, жәрмеңкелер, қазақстандық тауарларды, кәдесый өнімдерін сату, сондай-ақ диаспоралармен кездесулер және қазақстандық кинематографтың фильмографиясының көрсетілімі болады деп жоспарлануда.