Мұратхан ШОҚАН, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Қара суға халықтың бірлігімен қарсы тұру керек

Мұратхан ШОҚАН, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:  Қара суға халықтың бірлігімен қарсы тұру керек
Суретті түсірген -Досбол Атажан

Апат айтып келмейді. Елімізде болып жатқан жағдай өте өкінішті. Тасқын су халықтың жігерін жасытпай, халықтың жігерін тасытса деп ойлаймын. Себебі су қайдан бастау алса да, бір қасиеті бірігіп алады.

Бұл су бірлігін көрсетіп жатыр. Бізде қазақ халқының бірлігін көрсетіп, қара суға халықтың бірлігімен қарсы тұру керек.

Халқымызда “малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген тамаша ғибратты сөздер бар. Сондықтан мал табылар, жанымыз аман болсыншы. Ең бастысы, ұлт ретінде жігерімізді жасытпайық.

Арымызды барлық дүниеден биік қояйық. Бірлігімізді сақтап, осы апаттан аман шығамыз деген ойдамыз.

Президенттің үндеуінде айтылғандай халыққа мемлекеттен көмек көрсетіліп, бұл апатты да жеңіп шығамыз.