«Мүмкіндіктер уақыты»

«Мүмкіндіктер уақыты»
almaty-akshamy.kz

Ешкім елеусіз қалмайды

 

Алматыда Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Мүмкіндіктер уақыты» атты II әлеуметтік форум өтуде, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бүгін 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Сонау 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау мақсатында осы күн бекітілген болатын. Осылайша әлемдік деңгейде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға әлеуметтенуіне, оларға жағдай жасау сияқты мәселелерге назар аудара бастады.

Жаһандық бастаманы Қазақстан да қолдайды. Инклюзивті қоғам құру жолында Алматы қаласының тәжірибесі көпшілікке үлгі болмақ. Осы бағытта қаламызда атқарылып жатқан шаралар туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов өз сөзінде атап өтті. Оның сөзінше Алматыда 56 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Биыл оларды қолдау мақсатында Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен инватакси жобасы, қаламыздағы бүкіл нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауы үшін паспорттау жобасы жүзеге аса бастады.

Шараға отандық және шет елдік үкіметтік емес ұйым өкілдерімен қатар мемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Парламент Сенатының депутаты Ляззат Қалтаеваның сөзінше мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында бірнеше бағытта заң жобалары қабылданды.

Форум өзге шараларға қарағанда ерекше өтуде. Айта кетер болсақ, үш бөлімнен тұрады: TED конференция, Town Hall және нетворкинг. Алғашқы бөлімде мүмкіндіктер қоғамын құру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, республикалық және халықаралық ұйымдардың спикерлері мен сарапшылары өз тәжірибесімен бөлісті.