Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кабина жабдықталған

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кабина жабдықталған
Суретті түсірген - Қайрат Қоныспаев

Алматыда шығып қалған мәслихат депутатының орнына жаңа халық қалаулысын сайлау науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty akshamy тілшісі.

Сайлау учаскелерінде сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған. «Біз қоларбадағы жандарға, сондай-ақ көру және есту қабілеті нашар алматылықтарға дауыс беру қолайлы болу үшін арнайы кабина дайындадық. Біз үшін әр адам маңызды. Біз өз сайлаушыларымызды жоғары бағалаймыз, сондықтан сайлауға шақыру қағаздарын жәшікке тастай салмай, әркімнің қолына ұстатуға тырыстық», - деді Қазақ көлік және коммуникация академиясы аумағындағы №84 сайлау учаскесінің хатшысы Лэля Бугенова.

Мұнда да алғаш рет дауыс беріп жатқан сайлаушыларға «Қазақстан» тәттісі сыйға берілуде.