Стенд атудан Азия кубогы Алматыда өтеді

Стенд атудан Азия кубогы Алматыда өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазір Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеуден XV Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Осында өткен жиынның нәтижесінде 2024 жылғы 20-30 қыркүйек аралығында Алматыда Азия кубогы өтетін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Онда нысана көздеуден Азия конфедерациясы атқару комитетінің отырысы өтіп, бірқатар жайт талқыланды.

Кейінгі жылдары Қазақстан спорттың осы түрінен бірқатар халықаралық жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Соның бірі -  биыл Алматыдағы рейтингтік әлем кубогы. Сол жарысқа 42 мемлекеттен 500-ге жуық мерген жиналған.