«Мұқағали» фильмі ШЫҰ елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді

«Мұқағали» фильмі ШЫҰ елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді
Сурет: Ашық дереккөз

«Мұқағали» көркем фильмі бұған дейін Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

«Мұқағали» көркем фильмі Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» фильмі 27-31 қаңтар аралығында Мумбай қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестивалінің «Үздік режиссер» номинациясы бойынша конкурстық бағдарламаға енгізілді.

«Кинофестиваль іріктеуіне қоюшы-режиссер Б.Қалымбетовтің «Мұқағали», қоюшы-режиссер А. Сатаевтың «Ұлы дала таңы», қоюшы-режиссер А. Ержановтың «Адемоканы оқыту», режиссер А. Анартаевтың «Ыстықкөл» фильмдері жіберілген болатын», - деп хабарлады киностудиядан.

Еске салайық, «Мұқағали» көркем фильмі бұған дейін Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде бес жүлдені жеңіп алған болатын.