Мьянма коронавирустың тұрақты таралу ошағына айналуы мүмкін

Мьянма коронавирустың тұрақты таралу ошағына айналуы мүмкін
Сурет: Yana.kiev.ua

Бұл елде вирустың «дельта» және өзге штамм түрлері таралған.

Біріккен Ұлттар ұйымы COVID-19 таралуы бойынша әлемдегі жағдайды талдау негізінде ең кедей мемлекеттердің бірі - Мьянма инфекцияның тұрақты таралу ошағына айналуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлады Almaty-akhamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

«Мьянма COVID-19 таралуының аса қауіпті ошағына айналып келеді, бұл елде вирустың аса жұқпалы әрі қауіпті жаңа нұсқалары – «дельта» және өзге штамм түрлері таралған. Бұл өте қауіпті», - деді БҰҰ Арнайы баяндамашысы Том Эндрюс.

Ол аталмыш елдің Жер шары тұрғындарының үштен бір бөлігі шоғырланған - Бангладеш, Үндістан және Қытай мемлекеттермен ортақ шекарасы бар екенін атап өтті.