Министр Мусин мобильді интернетті үнемдеуге шақырды

Министр Мусин мобильді интернетті үнемдеуге шақырды
Сурет: Techtoday.in.ua

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстандықтар (айына – ред.) 15-20 Гбайт ақпарат тұтынып үйреніп қалғаны түсінікті. Бірақ үнемдейікші, мобильді интернет деген қымбат екенін түсінейікші. Үйге келгенде Wi-Fi-ға қосылу керек. Қандай да бір мәдениет болуы тиіс», - деді Бағдат Мусин бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ министр елімізде ең төменгі мобильді интернет тарифі 2700 теңге тұрады деген мәлімет келтірді.