Миллиардтаған қарызы бар, сыбайлас жемқорлық дауына ілінген ұлттық компанияларды тексеру керек

Миллиардтаған қарызы бар, сыбайлас жемқорлық дауына ілінген ұлттық компанияларды тексеру керек
Сурет: Atameken.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Рахманқұлов Үкімет басшысына осы жөнінде депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, ұлттық компаниялардағы топ-менеджерлердің жалақысы мен сыйақысы өте жоғары. Соған қарамастан, компаниялар шығынға батып, қазынаға салмақ салып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

- Сондықтан ұлттық компаниялар монополиядан арылып, тексерістен өтуі тиіс, - дейді депутат.

«Көптеген ұлттық компаниялар мен холдингтер, министрліктер мен әкімдіктерге қарасты серіктестіктер бір-бірінің жұмысын қайталайды немесе жекеменшік кәсіпорындар атқаратын қызметтерді орындайды. Квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарына толыққанды аудит жүргізу, топ-менеджерлерге төлем және сыйақы саясатын қайта қарау керек. Сонымен қатар Ұлттық компаниялардың барлық кірістері мен шығыстарын бюджеттің бір бөлігіне айналдыру және қоғам мен Парламенттің жария талқылауы арқылы өткізу қажет», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Рахманқұлов. 

.